19.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚұрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!19.10.2026
Ресми

Маңызды кездесу – жаңа мүмкіндіктер бастамасы

16.11.2024 · 06:29 · admin

Өткен аптада қала әкімі Айқын Елеусізов «Ұлытау» клубының президенті Талғат Байсуфинов бастаған бір топ өкілдермен маңызды кездесу өткізді. Кездесуге қаламыздың әуесқой «Қаражал» командасының капитаны Жансая Сажинов пен бірқатар футболшылар да қатысты.

Әу баста қала әкімі сөз алып, қаламыздың футболшылары жайлы сөз қозғады. Бірнеше жарыстан жүлделі қайтқан әуесқой футболшыларымызға әкімдік тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, қалада спортқа бағытталған бірнеше нысан бой көтеріп, қаншама футбол алаңдары бар екенін де жеткізді. Әсіресе, жақында ашылатын «Горняк» стадионы жайлы сөз өрбіді. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту мәселесі талқыланып, осы бағытта жүйелі жұмыс жасаудың қажеттілігі жайлы сөз қозғалды. Кездесу барысында «Ұлытаулықтар» облыстың бірнеше жеріне барып, осындай кездесулер өткізіп жатқанын, сондай-ақ, олар Ұлытау облысы бойынша футболды дамыту бағдарламасымен таныстырып, футболшыларға кәсіби әдістемелік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жақын арада әр қаладан талантты, мықты деген 3 футболшыдан жинақтап, басқа облыста оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізетінін де облыс қонақтары мәлімдеді. Әлбетте, бұл бастама өңірімізде футболды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жас таланттарды қолдауға жол табатыны сөзсіз.