23 ақпанда «Халықтар достығы мен мәдениеті» үйінде Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының ШОБ қолдау мәселелері бойынша өңір кәсіпкерлерімен кездесуі өтеді. Жиын барысында мемлекеттік гранттар, масштабтау, кәсіпкерлер палатасының жұмысы, инвестициялар, бизнестегі проблемалар талқыланады.