Қазақстан – түрлі этнос өкілдері өзара татулықта өмір сүріп жатқан бейбіт ел. Еліміздің басты жетістіктерінің бірі – қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың сақталуы. Бұл құндылықтар мемлекеттің тұрақты дамуына ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де тікелей ықпал етеді.
Татулық – адамдардың бір-бірін ұлтына, тіліне немесе мәдениетіне қарамай құрметтеуінен басталады. Әр халықтың салтдәстүрі мен мәдениетін бағалау қоғамдағы өзара сенімді күшейтеді. Ал өзара түсіністік пен сыйластық бар жерде алауыздыққа орын болмайды. Қазақстанда этносаралық келісімді нығайтуға ерекше мән беріледі. Түрлі этномәдени бірлестіктер өздерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеп, қоғамдық өмірге белсенді араласады. Бұл – еліміздегі әртүрлі мәдениеттердің бір-бірімен үндесіп, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуінің жақсы үлгісі. Ұлттық қауіпсіздік тек экономикалық немесе әскери күшпен өлшенбейді. Ел ішіндегі тұрақтылық, халықтың бірлігі мен азаматтардың өзара құрметі де оның маңызды құрамдас бөлігі.
Сондықтан, ұлтаралық татулықты сақтау – барша азаматқа ортақ міндет. Әсіресе, жастардың бойына достық, толеранттылық және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру маңызды. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі ел тірегі. Жастар бірлікті бағалап, түрлі мәдениет өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатса, қоғамның болашағы да берік болады. Бірлік бар жерде – береке бар. Ұлтаралық татулықты сақтау арқылы біз бейбіт еліміздің тұрақтылығын нығайтып, жарқын болашаққа жол ашамыз. Сондықтан, татулық пен келісім – әр азаматтың жүрегінде сақталуы тиіс ең қымбат құндылықтардың бірі.
Сәния ТОҚАБАЕВА,
«Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ маманы.
