Әкім аппаратында — жаңа басшы

Оспанбекова Диана Жановна «Қаражал қаласының әкімі аппараты» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.

Оспанбекова Диана Жановна 1989 жылдың 15 қазанында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2009 жылы СҚО Петропавл қаласында «Халыққа қызмет көрсету» ММ инспекторы ретінде бастаған. 2017 жылдан жаңа лауазымға тағайындалған кезеңіне дейін «Қаражал қаласының әкімі аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.