30.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТ«Bir Tolqynda» ашық диалог алаңдарында жастардың ел дамуындағы рөлі талқыланды29.10.2026
Ақпарат ағыны

Көмір орталықтан таратылады

02.09.2023 · 23:15 · admin

Биыл Шұбаркөлден жеке көліктермен көмір шығарылмайтын болды. Разрез әкімшілігінің айтуынша қатты отын арзан бағаға шетел асып жатқан сыңайлы. Сондықтан биыл өңірімізде көмір орталықтан таратылатын болды.

Бұл үшін Ұлытау облысында 2 көмір тұйығы мен 1 көмір қоймасы жұмыс істейді. Оларда бүгінгі күні 780 тонна көмір бар. Тәулігіне орташа есеппен 2 вагон 136 тонна көмір жеткізілуде. Ал, қатты отынның алдағы жылыту маусымында қажеттілігі – 110 мың тонна. Бүгінгі күнге тұрғындарға 14,58 мың тонна көмір немесе 13,3% сатылған.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ҰК» АҚ тарапынан халыққа көмір дайындау жоспарының орындалуына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Темір жол қатынасы жоқ аудандарға көмірді автокөлікпен тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылуда.

«Аудан, қала әкімдіктері қолайлы ауа райында көмір сатып алу туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде облыс аумағында көмірдің орташа бағасы 13 700 – 17 500 теңгені құрайды. Темір жол қатынасы жоқ аудандарда баға 18 000 – 20 000 теңгеге дейін жетеді» – делінген Ұлытау облысы әкімдігінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ