Гендерлік теңдік – тұрақтылыққа тірек

Гендерлік теңдік – бұл біздің заманымыздың маңызды міндеттерінің бірі. Әйелдер мен қыздар ғаламшар халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Гендерлік теңдік, адамның маңызды құқықтарының бірі, тұрақты даму негізінде адам әлеуетін толық іске асыруда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету ісінде басты рөл атқарады.

Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділіктің өсуін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденген. Өкінішке орай, адамзат ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері тұрғысынан толық теңдігіне қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек. Гендерлік зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде жою, әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ер балалардың білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және саяси өмірге қатысу үшін тең мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Сондай-ақ бұл жалпы жұмысқа орналастыру және басшылық лауазымдарға орналасу мүмкіндіктеріне де қатысты.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 14-бабы 2-тармағында: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» делінген.

Гендерлік теңсіздік проблемасы көптеген елдердің, діндердің, ұлт пен мәдениеттің көпшілігінде тараған. Сондықтан мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері болып табылады.

Қарапайым сөзбен гендерлік теңдік – бұл барлық әйелдер мен ерлер, қыздар мен ұлдар құқықтарының теңдігі.

Ж.САДУОВА,

Қаражал қалалық сотының бас маманы.