Еліміздің болашағы – жастар

2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын жариялады.

Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде әлеуметтік мәселелерге, адам саудасына, ғылым мен технология саясатына қатысты және ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған бірқатар заңдар қабылданды.

Еліміздің болашағы – жастар. Мемлекет басшысының басты нысаны да жастарды қолдау мен жасөспірімдерді қорғау екені осы жолдауда айқындала түсті. Оған себеп – жастарды қолдау мақсатында шағын бизнесті дамыту, ғылым мен технологияға назар аударса, жасөспірімдерді қорғау мақсатында оларды құмар ойынға тартқандар мен кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер үшін берілетін жазаны күшейтті.

Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізетін басқа да көптеген шаралар қолға алынды. Мәселен, азаматтардың бірнеше несиені қатар алып, төлей алмауы, банкроттық жариялауы бойынша шаралар қолға алынды.

Мемлекет басшысының кезекті жолдауына ел үшін өзекті мәселе көтеріліп, бірқатар мәселелердің айқын шешімдері анықталғандай. Соңғы 5 жылда орын алып жатқан реформалар елге оң әсерін тигізуде. Осы жолдаудың аясында атқарылатын жұмыстар да халықтың пайдасына шешілеріне үміттіміз.

https://www.instagram.com/p/DDOqaTaso3vg6yvjfulYm5DRyxojS04AYVmGiM0/?igsh=MXJzNTE0azZkM21pMA==