БОЛАШАҚҚА БАСТАР САНАЛЫ ТАҢДАУ

Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Бұл – әрбір азаматтың өз таңдауын білдіріп, қоғамның дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін жауапты кезең.
Әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі – әділетті, тұрақты және дамыған қоғамның негізі. Сайлауға қатысу арқылы әркім өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, ортақ игілік жолындағы маңызды қадам жасайды.
Еліміздің болашағы әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымызға байланысты. Сондықтан Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, азаматтық борышыңызды орындаңыз. Саналы таңдау – жарқын болашақтың кепілі, ал әрбір дауыс – елдің ертеңіне қосылған маңызды үлес.

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз!