Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялаған болатын.
Қазіргі таңда жолдауда айтылған бірқатар мәселелер қолға алынып, қарқынды түрде жұмыс жүргізілуде. Әсіресе, балалардың болашағына көптеген мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда.
Қоғамдағы тәртіпті күшейту, ана мен бала құқығын қорғау бойынша заңдар күшіне енді. Сондай-ақ, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. 2024 жылдан бастап ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аудару жүзеге асуда. Бүгінгі таңда елімізде бірнеше «Жайлы мектептер» ашылып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалуда.
Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына ықпал ететін оң бастамалар. Осы істерді жүзеге асыруда үкімет те, халық та жұмылған жұдырықтай болса, болашағымызға береріміз көп болмақ.