«Қазцинк» ЖШС Жәйрем кентінің әлеуметтік -экономикалық дамуына шамамен 600 млн теңге бөледі

Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Қазмырыш» ЖШС директоры Александр Хмелев Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазцинк» ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында «Қазцинк» ЖШС-мен Жәйрем кентінің әлеуметтік -экономикалық дамуының бірқатар мәселесі шешіледі.
Атап айтқанда, тұрғын үй — коммуналдық мәселелерді шешумен қатар дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында 2023-2024 жылдары Жәйрем кентінде спорт кешенін салу мәселесі қарастырылуда.
Айта кетейік, осы Меморандум аясында жалпы сомасы 600 млн.теңгеге көмек көрсетіледі.