Азаптау деректері бойынша

Азаптау туралы қылмыстық істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру мәселесі өзекті бағыттардың бірі болып табылады.

31.12.2022 жылы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының №264 бұйрығымен «Азаптау туралы қылмыстық істерді прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы нұсқаулық» бекітілді.

Бұрын азаптау туралы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полицияның ішкі қауіпсіздік басқармасы немесе басқа да қылмыстық қудалау органы тергеген болса, қазір бұл істерді тек прокурорлар тергейді.

«Прокуратура органдарында азаптаулар туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуін ұйымдастыру туралы» бірлескен бұйрық әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Аталған Бұйрыққа сәйкес:

— Құқық қорғау органдарына азаматтар тек жеткілікті мәліметтер болған жағдайда ғана жеткізіледі;

— Жеткізілген және ұсталған азаматтар шұғыл түрде тергеу әрекеттерін жүргізу үшін арнайы кабинеттерге жөнелтілуі қажет;

— Арнайы кабинеттер стандарт бойынша бірінші қабатта, айқын қабырғалармен, бейнебақылау камераларымен жасақталуы тиіс;

— Ұсталғаны туралы дереу оның туысқанына немесе тиісті тұлғаға хабарлануы тиіс;

— Азаматтарды ұстау, жеткізу және алып келу негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаптаулар мен басқа да қатаң, адамгершіліксіз немесе намысты таптауға жол бермеуге аумақтық құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауаптылықтары бекітілген;

— Айғақтарды жинау, жауап алу және қажетті сот сараптамаларын тағайындау бойынша кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азаптаулар жасалған орынға прокурордың дереу шығуы бойынша талаптар қойылған.

Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлескен бұйрықты іске асыру – азаматтардың құқықтарын қорғауды арттырады.

Жезқазған қаласының прокуратурасы