2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Сайлау учаскесінде сол сайлау учаскесіндегі тізімге енгізілген сайлаушылар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі бойынша дауыс бере алады.
Әр сайлаушы жеке дауыс береді.
Сайлау бюллетені жасырын дауыс беруге арналған кабинада өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға немесе «Бәріне қарсымын» деген жолдағы бос шаршыға белгі қою арқылы толтырылады.
Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға хақылы. Оның тегі дауыс бергеннен кейін сайлаушылардың тізіміне енгізіліп, тұсына сайлаушының бюллетень алғандығы жөніндегі қолы қойылады.
Мыналар ондай адам болуға тиіс емес: сайлау комиссиясының мүшесі, жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы, кандидаттың сенім білдірген адамы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы.
Толтырылған бюллетеньді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
