Қаражалдағы сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй

Қаражал қаласының сайлау учаскелерінде бүгін ерекше әрі жағымды атмосфера қалыптасуда. Клоун кейпіндегі аниматорлар дауыс беруге келген тұрғындар мен кішкентай қонақтарға қуаныш сыйлап, көңілді сәттер ұйымдастыруда.

Балалардың жүздеріне күлкі ұялатып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған аниматорлар сайлау күнінің ерекше өтуіне өз үлесін қосуда.

Ел үшін маңызды қоғамдық науқан өтіп жатқан айтулы күні мұндай жағымды әрі жылы сәттер сайлау учаскелеріне ерекше сән беріп, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда.