Қаражал қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Құлымбетов Досбол Бүркітұлы Қаражал қаласы әкімінің экономика, қаржы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жер қатынастары, ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Құлымбетов Досбол Бүркітұлы 1989 жылдың 13 қазаны күні Қарағанды облысы Қаражал қаласында дүниеге келген.

2018 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қаражал қаласы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.