Қаражал қаласы әкімдігі мен «Qarmet» акционерлік қоғамы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында келесі жұмыстар жүзеге асырылуда

Қаражал қаласы әкімдігі мен «Qarmet» акционерлік қоғамы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында келесі жұмыстар жүзеге асырылуда:

 

✓ Қаражал қалалық ауруханасының 5 маманына ай сайын 200 мың теңге көлемінде қосымша төлем қарастырылды.

✓ Қаланың коммуналдық саласын дамыту мақсатында Lovol TD1304 тракторы қажетті қосалқы жабдықтарымен;

✓ Қала әкімдігіне JAC SUNRAY 16 орындық шағын автобусы;

✓ Қаланың электрмен жабдықтау жүйесін жақсарту үшін ТМГ-630/6(10)-0,4 трансформаторы табысталды.

✓ Бүгінгі күні Платон Кляцкий атындағы сквердің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

✓ Сонымен қатар,қаладағы Балбөбек балабақшасына құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілуде.