🚯 Жәшіктің жанына тасталған бөтелке, пакет немесе темекі тұқылы — жай ғана қоқыс емес. Бұл — айналаға деген құрметсіздік әрі белгіленген талаптарды бұзу.
⚖️ ЗАҢ — БАРШАҒА ОРТАҚ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтар мен скверлерді ластау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ал осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. (Адилет)
Алайда мәселе тек айыппұлда емес.
🌿 Таза көше — денсаулығымыздың кепілі.
🏙️ Таза қала — балаларымыздың жайлы ортасы.
🤝 Тазалық — әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
Артыңыздан қоқыс емес, жақсы үлгі қалдырыңыз!
⚖️ Заңды сақтаңыз. Қала тазалығын бірге қорғайық!

