Алғашқы дауыс – үлкен жауапкершілік!

Бүгін 18 жасқа толған жас азамат Құрылтай сайлауында алғаш рет өз дауысын берді.

Бұл – оның ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске алғаш рет қатысып, азаматтық ұстанымын білдірген ерекше сәті.

Алғашқы дауыс – жауапкершіліктің бастауы, ел болашағына жасалған алғашқы қадам. Жастардың белсенділігі – мемлекетіміздің жарқын келешегіне деген сенімнің көрінісі.
Жас ұрпақтың таңдауы – ел ертеңінің негізі!