Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызмет – халқымыздың сенімі мен үмітін ақтауға бағытталған аса жауапты міндет. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз ел дамуының, қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің негізгі тірегі болып табылады.
Бүгінде мемлекет алдында тұрған ауқымды міндеттерді орындауда, Президентіміз ұсынған реформаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің рөлі ерекше. Халыққа адал қызмет ету – әрбір қызметкердің басты қағидасы болуға тиіс.
Құрметті әріптестер!
Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Елімізге адал қызмет етіп, халық сенімін ақтай беріңіздер!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.