Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады

2022 жылғы маусымда Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерімен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген дәрежеге көтерілді. Бұл қадам елімізде адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға және әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды өзгерістердің бірі болып табылады. Омбудсменнің конституциялық мәртебеге ие болуы оның негізгі мемлекеттік органдармен бір деңгейде тұруын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы тиімділікті арттырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында заң мен тәртіптің үстемдік құруы бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты талабы екені атап өтілді. Тек осылай ғана біз Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебеге ие болуы осы мақсаттарға жетуге ықпал етеді, себебі ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Бұл өзгеріс елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әділеттілікті орнатуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ҚұқықтықҚоғам