Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күрежолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан, бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн. Онда барлық жолды, соның ішінде, қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек», деген болатын.
Ағымдағы жылы Қаражал қаласының автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 368 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2024 жылы Қаражал қаласының 6,628 шақырым автомобиль жолдарына (Рысқұлбеков — 1,670 км, Әлиев — 0,523 км, Средняя — 0,300 км, Ақбиев — 0,352 км, Қошқарбаев — 0,171, Бұлқышев — 0,213 км, Танаш батыр — 0,222 км, Әйтеке би — 0,312 км, Ақтай ш.а. — 2,7 км, Жыланды — 0,165) ведомстволық сараптаманың оң қорытындысы алынып, орташа жөндеуден өткізілуде. Қаражал қаласының 8 көшесінде 3,763 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден толық өтті. Мердігер ұйым – «Арқа Құрылыс 2009» ЖШС.
Сәуір айында 15 шақырым жол таңбасы, 35 дана жаяу жүргіншілер таңбасы сызылды. Ағымдағы жылы 76 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде 4 камера адамның түр-әлпетін тануға мүмкіндік беретін, 6 камера автокөлік номерін тіркейтін қызмет атқарады. Қаражал қаласының 9 көшесіне (Байдалы би, Мақаев, Жұмабаев, Қабанбай батыр, Мұсылманбеков, Пинигин, Қарағанды, Гагарин, Амангелді) 100 дана жарық бағаналары орнатылды.
Қазіргі таңда автомобиль жолдарын күтіп ұстау бағдарламасы аясында 128 дана ескірген жол белгілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, автомобиль жолдарындағы істен шыққан жарық шамдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаражал қаласында 2024-2025 жылдардағы қыс мезгіліне бірқатар дайындық шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін мердігер ұйымдармен келісімшарттар бар.
Қаражал қаласы бойынша мердігер ұйым – «Zangar-2205» ЖШС. Аталған ұйым 11 арнайы техникамен жабдықталған. Оның ішінде 2 автогрейдер, 2 погрузчик, 2 трактор МТЗ, 2 самосвал, 1 КДМ, 1 шнекоротор, 1 құм таратқыш көлігі бар. Қорында 500 м³ көлемінде инертті материалдар, 2 тонна бензин, 2 тонна дизель отыны бар.
Жәйрем кенті бойынша мердігер ұйым – ЖК «Айсара». Аталған ұйым 12 арнайы техникамен жабдықталған. Оның ішінде 1 автогрейдер, 1 трактор К-700, 1 бульдозер, 3 погрузчик, 1 трактор МТЗ, 2 самосвал, 1 КДМ, 1 шнекоротор, 1 құм таратқыш көлігі бар. Қорында 300 м³ көлемінде инертті материалдар, 1 тонна бензин, 5 тонна дизель отыны бар.
Ербол МАМБЕТОВ, «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.