Балаларды қорғауға айрықша көңіл бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.

 

Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды.

 

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды.

Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп. Қаражал қаласы әкімі аппаратының бақылау, құжаттамамен қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және бақылау, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жасау бойынша бөлімінің бас инспекторы — Ш.Абдрахманова.