Жастарға серпіліс берді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жұртшылық биыл үлкен ықыласпен қабылдап, ыждахаттылықпен тыңдады. Көптеген күрделі мәселелердің күрмеуі тарқатылып, шешім мен шешу жолдары айтылды.

 

Жолдауда мемлекет басшысы «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек»- деген болатын.

 

Расында да бұл өз еңбегі мен кәсібін өрбітіп өсіргісі келетін жастарға серпіліс бергені сөзсіз. Осы бағытта жасалынып жастқан жұмыстардың бірі қала әкімдігінің арнайы гранты. 2024 жылдан бастап бұл бағытқа бөлінетін ақшаның соммасы да екі еселеніп өсті, грантқа қатысуға биылдың өзінде қырықтан астам өтініш келіп түсті. Ең жас қатысушымыз небәрі 16 жаста. Демек, Президентіміздің бұл бағыттағы берген пәрмені сапалы орындала беретін болады. Келесі жылы өз кәсібін бастағысы келетін, бастаған бизнесін дамытқысы келетін жастардың қатары көп болады деген сенімдеміз. Еңбекқор жастарымыз ел арасында аз емес. Тек қолдау мен бағытына бағдар беру ғана болса бастамалырын әрмен қарай да алып кететіні анық.

Алғашқы жылдары жастар көбіне бизнес идея ретінде жеңіл жобаларға мән беретін. Офистің ішіндегі жұмыстар сәнді көрінгені жасырын емес. Адамдық пен мамандықтың айырмасы киген киімде емес атқарған қызметің мен тигізген пайдаңа байланысты екенін қоғам түсйсігімен түсініп қабылдады. Қай салада істесең де өз ісіңнің нағыз маманы болуы керек екеніңді ел басшысы да айтып жатыр. Қазіргі таңда жастарымыз да осы ойдың төңірегіне жиналғаны байқалады. Мысалға биылғы грантқа дәнеркелеу, кірпіш, ауыл шаруашылығы өнімдері, IT, жастарды білім мен біліктілікке баулимыз, үйреніп алып үйретеміз дейтін жалынды жастар. Президентіміз бұндай жастарды «адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады» деп тамаша суреттеді.

Амангелді Құрақбай,

«Сәтбаев қаласының ішкі саясат

 бөлімі» ММ басшысы