Атом электр станциялары – біздің болашағымыздың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күш алып бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігін басып айтты. Еліміздің болашағы үшін салынатын атом электр станциясы туралы барынша байыпты шешім қабылдау халықпен бірлесіп қана жасалуға тиіс екендігін де ескертті. Президент таза атом энергия көзі мен оның қауіпсіздігі халықтың нақты қажеттілігі тұрғысынан қарауда. Алайда, халық арасында АЭС-ке қатысты сансыз сұрақ, күмән тудыратын түрлі пікірлер де бар екені айғақ. Дегенмен, болашақта әлем бойынша энергия көзі тапшылыққа ұшырайтынын зерттеушілер тапжылмай айтып келеді. Сондықтан, Қазақстан АЭС-ке мұқтаж. Қазір электр қуатын күннен, желден, судан алып келеміз. Бірақ, бұл жүйе – тікелей табиғатқа тәуелді. Жел соқпай, күн күркіреп, су көздері азайса жарықсыз қаламыз. Күнделікті күннің көзі соған қажетті энергияны беріп тұра алады деп ешкім кепілдік бере алмайды.

Көзі ашық, көкірегі ояу халқы бар дамыған мемлекет үшін АЭС — тұрақты энергия көзінің негізіне айналдыратыны айқын. Ұзақ мерзімді перспективада АЭС электр энергиясының бағасын тұрақтандырып, энергетика саласындағы қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік беретіні де бар. Бұл станцияны салу арқылы мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, сол себепті көптеген ел атом энергиясын өз болашағының маңызды бөлігі ретінде қарастырады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша Жалпыхалықтық референдум өтеді. Осы ретте оған барынша атсалысып, дауыс беруді әркім өзінің азаматтық парызы деп білуі тиіс. Атом электр станциялары – біздің болашағымыздың кепілі десек те болады.

Жалғасқан КУРМАНСЕЙТОВ,

«Қазыналы өңір» газетінің редакциясы»

ЖШС директоры.