Берік Әбдіғалиұлы облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді:
негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 пайызға өсіп, 210,1 миллиард теңгеге жеткен. Осы ретте жеке инвестицияның үлесі 90 пайызды құраған;
өткен жылы өңірде жалпы сомасы 10 миллиард теңге болатын 3 ірі жоба іске асырылған;
биыл кем дегенде 16 жобаны, оның ішінде өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша 8, туризм және сауда салаларында 3, агроөнеркәсіп кешенінде 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде өңірде 700 жаңа жұмыс орны ашылады;
биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу, 3000 гектар аумақта картоп және көкөніс өсіретін фермерлік шаруашылықтарды іске қосу көзделіп отыр;
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары 3600 орындық 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазан қаласында пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар:
биыл іске қосылатын 10 спорт нысаны жайында баяндады:
320 адамға арналған бассейні бар көпфункционалды спорт кешені, Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясы «Намыс» СК балалар мен жасөспірімдер спорт академиясы, Жезді және Жаңаарқа кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қаражалда жабық бассейн, сондай-ақ ангар типті 5 ойын кешені салынады.
облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы айтты:
инфрақұрылымды одан әрі дамытуға байланысты 2029 жылы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында екінші жылу электр орталықтарының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл орталықтар жылу тапшылығы мәселесін шешуге тиіс.
Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.