Жайнай бер, қазыналы Қаражал!

60 жыл бұрын 1963 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 8 қаңтарда Қаражалға қала мәртебесі берілді. Өзіндік қайталанбас тарихы бар Қаражал  осы уақытқа дейін өткен мен бүгіннің, бірлік пен достықтың үлгісін көрсетуде. Туған өлкеміздің табысы мен жетістіктеріне әр қаражалдықтың қосқан үлесі зор.

2023 жыл қаламыз үшін айтулы жыл болды. Жыл бойы кенді өлкеміз Қаражалдың 60 жылдығын асқақтатып, қаламыздың мерейін өсірген іс-шаралар жүзеге асырылды. Ал 16 қаңтар күні қаламыздың 61 жылдығына орай «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен мәдени-сауық орталығының төрінде «Жайнай бер, қазыналы Қаражал» атты қала күніне арналған кеш өтті.

Салтанатты жиынның шымылдығын қала әкімі Айқын Қылышұлы құттықтау сөзімен ашып беріп, өз сөзінде өңірдің қарыштап дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, қаламыздың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін құруға өзінің талабымен, еңбегімен, күш-қуатымен баға жетпес үлес қосқан адамдарға, ең алдымен біздің ардагерлерімізге, құрметті азаматтарымызға, әр салада еңбек етіп жатқан жерлестерімізге алғыс білдірді. Сонымен қатар, қаламыздың 60 жылдық тарихын қалыптастыруға үлес қосқан бірқатар аға буын өкілдеріне «Қаражал қаласына 60 жыл» мерекелік медалін, яғни, қаламыздың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерімізге, Айкен Садықов, Есенбай Сағындықов, Мешітбай Омар, Төлеухан Ілиясұлы, Рахымжан Сатанов, Жарқынбай  Жетімек, Бибіғайша Жаманова, Нина Потаповаға табысталды.

Сонымен қатар, дәл осы мерейтойлық медальмен  Амангелді Тлеубаев, Тамара Федосова, Түлкібай Күзекбаев, Жан Садвакасов, Жарылғасын Бексеитов, Ибрагим Канапин, Дүйсенбай Тәжікеев, Төлеубай Ибраев, Айгүл Тұрғанбекова, Алла Нагаевская, Ләззат Осажанова, Нұрсұлу Сәрсенбаева, Анар Аширбекова, Гүлзада Нахипова, Орал Адамина, Әбдірәсіл Рахым, Ботагөз Макажанова, Тілектес Досаев, Гүлнұр Жақсыгелдіқызы, Галина Шапкова, Талғат Мақаев, Береке Мұратова, Бибігүл Құйқабаева, Әсемгүл Алиева, Тимур Мақаев және Вера Юнды мадақтады.

Өткен жылдың соңына қарай мерейтой аясында «Қала әкімінің кубогына» футбол, волейбол және баскетбол ойындарынан жарыс ұйымдастырылған еді. Сол спорттық ойындардың жүлдегерлерін анықтап, марапаттау рәсімі де дәл осы мерекелік кеште өтті. Атап өтсек, Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойы аясында Қаражал қаласының әкімі кубогына арналған баскетболдан қалалық турнирде ІІІ орынға ие болған «№7 мектеп» командасы,  аталмыш турнирде ІІ орынды иеленген Қаражал қаласының «Бүркіт» командасы және І орынға ие болған «№3 мектеп» командасы марапатталды.

Ал, волейболдан қалалық турнирде ІІІ орынға ие болған «Қаражал» командасы,  ІІ орынды иеленген «Ақтай 2» командасы және  І орынға ие болған «Ақтай» командасы марапатталды. Сонымен қатар, шағын футболдан қалалық турнирде ІІІ орынды иеленген Жәйрем футбол командасы,  ІІ орынға ие болған «Мини футбольный клуб Каражал 2» және  І орынға ие болған  «Мини футбольный клуб Каражал» марапатталды.

Қаражалдың кең жазығында этноауыл құрып, 60 жылдық мерейтойды ерекше  өткізгеніміз бүгінге дейін ел аузынан түсер емес. Сол дүбірлі тойды өткізуге атсалысып, басы-қасында жүрген бірқатар жеке тұлғаларымызды марапаттау үшін сахна төріне ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы  Зәмзагүл Қажымұқанқызы Оспанова шақырылып, бірқатар азаматтарды марапаттады. Ендеше атап айтсақ, қаланың әлеуметтік дамуына үлес қосып, демеушілік көрсетіп, 60 жылдық мерейтойды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен Сексен Сүлейменов, Текебай Қартабаев, Иван Иванов, Берік Шікіров және Аслан Сүлейменов мадақталды. Сондай-ақ, аталмыш алғыс хатпен және Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының алғыс хатымен Талғат Смағанбет, Нұргелді Абдигамитов, Ерзат Асанұлы, Біржан Нұркенұлы және Қаражал қалалық мәслихаты төрағасының алғыс хатымен Ернұр Айдарханов, Жанат Құспанов, Оразалы Қуанышев мадақталды.

Сол дүбірлі тойды еске алсақ, той алаңында оқтай тізілген киіз үйлер сол күні мерекенің ажарын ашып, сәнін келтірді. Мерейтойда барлығы 50-ге жуық киіз үй құрылды. Жан-жақтан келген құрметті қонақтар мен қала халқын киіз үй құрған азаматтарымыз құшақ жая қарсы алып, асқан қонақжайлықпен күте білді. Сол әдемі киіз үйлерді құрған бірқатар мекемелерді марапаттау үшін «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өркен Атасу» өкілдігінің директоры Маратбек Бакенов шақырылып, 60 жылдық мерейтойды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен Қаражал қаласы әкімінің аппараты мен оған қарасты жергілікті атқарушы органдар ұжымдары атынан Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Досбол Құлымбетов, қалалық мәслихат ұжымы және депутаттар корпусының алғыс хаты  мәслихат төрағасы Зәмзагүл Оспанова, Жәйрем кенті әкімдігі ұжымының атынан кент әкімі Қайрат Жансағымов,  «Каражал Оперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғыс хат кәсіпорын басшысы Жандос Намев, «Арқа құрылыс» ЖШС ұжымының атынан ұжым өкілі Есет Жолдыбалин, Қаражал қалалық қазынашылық басқармасы ұжымының атынан мекеме басшысы Самал Түсіпова, облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылған қалалық аумақтық басқармалар, инспекциялар мен мекемелер ұжымы атынан Қаражал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қаныш Әлмағамбетов, Қалалық полиция бөлімі ұжымының атынан бөлім басшысы, полиция подполковнигі Алмаз Жакаев, қалалық орталық аурухана ұжымының атынан  аурухана директоры Асан Кабулов, Кәсіпкерлер палатасының Қаражал қалалық филиалы ұжымы және қала кәсіпкерлері марапатын алу үшін кәсікерлер палатасының директоры Ерсін Нүркен, Теміржол станциясы ұжымының атынан Мақсат Есенжолұлы, «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымының атынан редакция директоры Жалғасқан Құрмансейітов, №3 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы атынан Нұрсұлтан Әбікен, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі Қарағанды филиалының үшінші авариялық-құтқару жасағының ұжымы атынан Ержан Оспанов, ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі  комитетінің Қарағанды облысы АК-159/22 мекемесінің атынан Айгүл Мауленина, Төтенше жағдайлар бөлімінің ұжымы атынан Азамат Окумов марапатталды. Еске салсақ, қаламыздың бас кәсіпорны болып табылатын «Өркен Атасу» өкілдігі 60 жылдық мерейтойды өткізуге үлкен демеушілік көрсеткен еді.

Осынау дүбірлі тойда, қала мекемелерінен бөлек, қаламыздың басқа да азаматтары ұжымдасып, киіз үй құрған болатын. Осы марапаттарды табыстау үшін Ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Қаражал қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Сексен Сүлейменов 60 жылдық мерейтойды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен Қаражал қаласының құрдастары атынан сахнаға Жақсылық Балапановты, ескі Қаражал тұрғындары атынан Қарсыбек Құйқабаевты, Ши ауылы тұрғындары атынан  Оралбай Қожабековты, Теміржол тұрғындары атынан Ләззат Осажанованы, Ақтай шағын ауданы тұрғындары атынан Алтынбек Ділдабековті, 1983 жылғы түлектер атынан Гүлзат Акишеваны, 1983 жылғы түлектер атынан Жандос Хамзеұлын, 1984 жылғы түлектер атынан Манархан Садуовты, 1986-1987 жылғы түлектер атынан Еркебұлан Қартабаевты, 1992 жылғы түлектер атынан Сағи Мұсатаевты, 1989 жылғы түлектер атынан Бекзат Шікіровті, 1993-1994 жылғы түлектер атынан Асылбек Мұсатаевты мадақтады.

Келесі кезекте дүбірлі тойды атқаруға атсалысып, киіз үй тігіп, ақ дастархан жайған, одан бөлек қаламыздың тарихынан сыр шертетін көрмені ұйымдастырған қаламыздың білім беру ұйымдары марапатталды. Марапатты табыстау үшін ұйымдастыру комитетінің мүшесі, «Аманат» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мауленина шақырылды. 60 жылдық мерейтойды ұйымдастыруға атсалысқаны үшін ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен «Қаражал қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұжымының атынан бөлім басшысы Тілеш Аштаев, №1 ЖББМ ұжымы атынан мектеп директоры Жұмакүл Ахметова, №3 ЖББМ ұжымы атынан мектеп директоры Асыл Құдыкенова, №5 бастауыш мектебі ұжымы атынан мектеп директоры Бақтыбала Байзақова, №6 ЖББМ ұжымы атынан  Жұмағали Әлмағамбетов, №7 ЖББМ ұжымы атынан Аманкүл Абдишева, Қаражал қалалық өнер мектебі атынан мектеп директоры Әбдірәсіл Рахым, Қалалық  тау-кен техникалық колледжі ұжымы атынан Данияр Дыбысов, «Қаражал қаласының мамандандырылған Олимпиадалық резервтегі дзюдо балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ ұжымы атынан мектеп директоры Талғат Абдишев марапатталды.

Жылға созылған 60 жылдық мерейтойымыз осылай әдемі қорытындыланды. Бүгінде қаламыз қарқынды дамып келеді. Қаражал қаласының бюджеті 5 млрд. астам соманы құрайды. Соған байланысты  автомобиль жолдарының 90% жөнделді, қаламызда 7 өнеркәсіптік кәсіпорын, 1365 шағын орта бизнес нысандары бар. Осының бәрі жоғарыда аталған ұжымдар мен қаламыздың еңселі азаматтарының маңдай тері мен ерен еңбектерінің жемісі деп білеміз. Бұл жұмыстардың барлығы қаланың болашағы жарқын екенін көрсетеді. Қаламыз көркейіп дами берсін. Барлық жерлестерімізге амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тілейміз. Қаламыз көркейе берсін!

Мөлдір ХАМИТҚЫЗЫ