Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары!

Баршаңызды сіздер үшін керемет мереке – Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Қала үшін 60 жыл көп уақыт емес, Сіздердің қалаларыңыз әлі жас, өзіндік тарихы, танымал азаматтары және еліміз экономикасында айтарлықтай орны бар қала.
Біздің өлкеміздің ең басты байлығы – оның адамдары болса, Қаражал қаласы үшін Орталық Қазақстанның шөлейтті даласындағы ұлтарақтай жерге жан кіргізіп, осындай көрнекті мекенді салған алғашқы қала құрылысшыларының орны ерекше. Бүгінде солар іргетасын қалаған, қойнауы темір-марганец кеніне бай Қаражал Тәуелсіз Қазақстанның маңызды стратегиялық қаласы болып табылады.
Осыған орай, Қаражал қаласының ардагерлеріне айрықша алғыс білдіргім келеді, сіздердің ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіз қаражалдық жас ұрпақты Отан алдындағы борышты бұлжытпай орындауға тәрбиелейді.
Қаражал қаласы бұдан әрі өркендеп, дами берсін, тұрғындарының жүрегінен ерекше орын алсын.
Осы мереке күні қаланың барлық тұрғындарына зор денсаулық, бақыт, отбасыларына табыс және береке тілеймін!

Құрметпен,
«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ
Басқарма төрағасы Арман АЛИЕВ