Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі жеке парақшасында шетелдік инвесторлар үшін қолайлы климат сақталатыны туралы айтты. Президенттің мәлімдеуінше, Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастық орнатуға қашан да дайын, деп хабарлайды Saryarqanews.kz тілшісі.
«Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің «ашық есік» инвестициялық саясатымыз да өзгермейді» делінген хабарламада.