Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы Жәйрем кентінің тұрғындарын Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырды
Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының жұмыс сапары Жәйрем кентінің тұрғындарымен кездесуден басталды. Сондай-ақ, жиналысқа мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындардың жұмысшылары және кент активі қатысты.
Өз сөзінде облыс әкімі өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуының кейбір қорытындыларына тоқталып, Ұлытау облысының 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары туралы айтты.
Өңір басшысының мәліметінше, кешенді жоспар аясында Жәйрем аумағында оқушылар үйін салу, мектепті жөндеу, кент ауруханасына медициналық жабдықтар сатып алу, кәріз желілері мен марганец кен орнының шахталарын қайта жаңарту және т.б. жоспарлануда.
Кездесу барысында облыс әкімі залда жиналған халықтың сұрақтарына жауап берді. Бірқатар мәселелер автожолдарды жөндеу және күтіп ұстау, газдандыру, тұрғын үй бөлу, коммуналдық қызметтердің жұмысы, шағын және орта бизнесті дамыту, тұрғындардың басқа да өзекті мәселелеріне қатысты болды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, нақты орындау мерзімдері белгіленді.
Есепті кездесуден кейін өңір басшысы 22 азаматты жеке қабылдады.
Жұмыс сапарының соңында Б.Әбдіғалиұлы тұрғын үйлердің жертөлелерін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.