Омар Мешітбай сайлауда өз таңдауын жасады

Қаражал қаласының Құрметті азаматы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Омар Мешітбай жұбайымен бірге сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарын сайлауында өз таңдауларын жасады.
Омар Мешітбай сайлаудың маңыздылығына тоқталып, азаматтардың сайлау науқанына қатысуы – ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласудың көрінісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол қала тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырды.
