17.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ17.11.2026
Ақпарат ағыны

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

17.11.2026 · 18:27 · admin

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында қоғамдық көліктерде ақпараттық материалдар орналастырылды.

Аталған материалдар арқылы тұрғындар кандидаттармен, олардың сайлауалды бағдарламасымен және партияның негізгі басымдықтарымен таныса алады.

Бұл бастама сайлауалды бағдарламаны кеңінен насихаттап, тұрғындардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қоғамдық көліктердегі ақпараттық материалдар күнделікті қатынайтын жолаушыларға кандидаттар туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.