16.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАСТАР САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА16.11.2026
Ақпарат ағыны

ӨҢІРДІҢ ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МАМАНДАРМЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.11.2026 · 16:50 · admin

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков пен Диас Алтынбек Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды таныстыру, өңірдің өзекті мәселелерін талқылау және сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау.

Жиын барысында кандидаттар партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларына тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру, адами капиталды дамыту, білікті мамандар даярлау және цифрландыру бағыттарындағы міндеттерді атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.