12.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ12.11.2026
Ақпарат ағыны

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

12.11.2026 · 13:40 · admin

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейітов, Гүлнара Загирова, Әлдібек Тәуекелов және Диас Алтынбек Жезқазған бизнес және көлік колледжі ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, онда қамтылған негізгі бағыттарға тоқталды.

Атап айтқанда, облыста 59 700-ден астам жас бар. Оның ішінде 7 500-і студент. Сондықтан жастарды жұмыспен қамту – сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып отыр.

Партияның қолдауымен 2031 жылға дейін 14 мыңнан астам жасты жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қатар жастар практикасы жобасы аясында кемінде 750 жастың еңбекке араласуына мүмкіндік жасау және жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 3 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Білім беру саласына да ерекше көңіл бөлінген. Алдағы бес жылда облыста бірнеше жаңа мектеп пен үш балабақшаның құрылысына атсалысу көзделген. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын азайтып, балабақша кезегінде тұрған балалар санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.