11.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА11.11.2026
Ақпарат ағыны

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАСТАР ҚАНАТЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

11.11.2026 · 19:07 · admin

Ұлытау облысында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мәслихат депутаттарының сайлауына арналған үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысуда.

Белсенді жастар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Есіктен есікке» акциясына қатысуда. Акция аясында сайлауалды үгіт материалдары таратылып, партияның сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттар туралы ақпарат берілді.

Науқан басталғалы бері 18000-нан астам АПМ плакаттары ілініп, 11198 дана лифлет таратылды. 300-ден астам «Есіктен есікке» акциясы өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.