19.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚұрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!19.10.2026
Ақпарат ағыны

Құрметті құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлері!

19.10.2026 · 01:38 · admin

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмірін арашалап, азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуді өмірлік мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз – зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық. Қайсарлық пен батылдықты, жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін бұл мамандық иелерінің қоғам алдындағы орны ерекше.

Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз талай іздестіру-құтқару операцияларымен, адам өмірін аман алып қалу жолындағы жанқиярлық әрекеттермен және қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілген көмектермен тығыз байланысты. Қандай жағдай болмасын, қауіп-қатерге қарамастан көмекке ұмтылып, адам өмірі мен денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің батылдықтарыңыз, табандылықтарыңыз бен кәсібиліктеріңіз – қала тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігінің сенімді кепілі.

Құрметті құтқарушылар!

Сіздерге антына адалдық танытып, абыройлы міндеттеріңізді мінсіз атқарып, ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп жүргендеріңіз үшін шынайы ризашылық білдіремін. Қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізде әрдайым сәттілік серік болып, еңбектеріңіз лайықты бағалана берсін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық орнап, атқарған әрбір ізгі істеріңіз жемісті болсын. Қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқарып, жақындарыңызға аман-есен оралуларыңызға тілектеспін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

Қаражал қаласының әкімі.