Құрметті аға буын өкілдері, ардагерлер мен қадірлі қариялар!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ халқы қашанда үлкенін сыйлап, қариясын төрге шығарған. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген дана сөздің мәні де осында. Сіздер – ел тарихының тірі шежіресі, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер ақылдың қайнар көзісіздер.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ел дамуына қосқан үлестеріңіз – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі. Қаражал қаласының өсіп-өркендеуіне атсалысып, талай жыл бойы адал еңбек еткен әрқайсыңыздың еңбегіңіз зор құрметке лайық.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым ел-жұрттың ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіздер!

Қарттарымыздың мерейі үстем, абыройы асқақ болсын!

Ізгі ниетпен,
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ, Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА, қалалық мәслихат төрағасы.