Құрметті Қаражал қаласының тұрғындары!
2026 жылғы 24-25 қыркүйек күндері Қаражал қаласының аумағында командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығу «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қаупі төнген кезде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері және тұрғындардың іс-әрекеті» тақырыбы бойынша өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында қала әкімдігі, авариялық-құтқару қызметтері, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының, сондай-ақ басқа да тиісті органдардың төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері пысықталады.
Оқу-жаттығу аясында арнайы техникалар мен қызметтердің қозғалысы, дыбыстық және басқа да ескерту сигналдары болуы мүмкін.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан сабырлық сақтап, дүрбелеңге салынбауды және алаңдамауды сұраймыз. Іс-шара оқу-жаттығу мақсатында өткізіледі
