Жастар Рухы” ЖҚ аға буын өкілдеріне көмек көрсетуде

«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында «Әділет» партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ ел көлемінде аға буын өкілдеріне көмек көрсетуде. Бүгінде акцияда 200-ге жуық қартқа қолдау көрсетілді.

Жастар қарттардың үйлеріне барып, аула тазалау, үй шаруасына көмектесу және қажетті заттарын жеткізу сияқты жұмыстарды атқарды. Сонымен қатар, еріктілер үлкендермен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Бұл бастама — аға буынға құрмет көрсетіп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.