Дауыс беру күні басталды!

Дауыс беру күні басталды! Бүгін Қаражал қаласында Құрылтай сайлауына арналған 14 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Оның ішінде 6 сайлау учаскесі сағат 06:00-ден бастап, ал қалған 8 сайлау учаскесі сағат 07:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдауда.

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлау учаскелерін ашып, алғашқы сайлаушыларды қабылдады.

Әр азаматтың дауысы – ел болашағын айқындауға қосылған маңызды үлес.
Белсенді азаматтық ұстаным танытып, өз таңдауыңызды жасаңыз!

#Қаражал #Сайлау2026 #ҚұрылтайСайлауы #ДауысБеру