Жазғы демалыс кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау — әр адамның жауапкершілігі.
- Тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз.
- Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.
- Белгісіз әрі қауіпті жерлерде суға түспеңіз және суға секірмеңіз.
- Мас күйінде суға түсуге болмайды.
- Дауылды немесе толқынды ауа райында суға бармаңыз.
Құтқарушылардың ескертулері мен қауіпсіздік белгілерін ескеріңіз.
Бір сәттік абайсыздық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Өз өміріңізді де, жақындарыңыздың өмірін де қорғаңыз!
Қауіпсіздік ережесін сақтайық — жазғы демалысты қайғылы жағдайсыз өткізейік!

