23 тамыз – Құрылтай депутаттарын сайлау

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасында Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.
Құрылтай депутаттарын сайлау – азаматтардың елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуының маңызды нысандарының бірі. Сайлау барысында азаматтар өздерінің сайлау құқығын пайдаланып, Құрылтай құрамын қалыптастыруға қатысады.
Құрылтай қызметі қоғамның өзекті мәселелерін талқылауға, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық дамуына қатысты бастамаларды қарастыруға бағытталған.
23 тамызда өтетін сайлау – азаматтардың конституциялық сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға.