ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрылыс – адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан ең қастерлі де жасампаз кәсіп.

Бүгінде өңірімізде бұл сала қарқынды дамып, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға айрықша ықпал етіп келеді. Заманауи сәулет үлгісімен бой көтеріп жатқан әсем де көрікті нысандар – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыздың айқын жемісі. Қаламыздың келбетін жақсартып, тұрғындардың игілігін еселеу жолында атқарып жатқан өлшеусіз еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.

Мемлекет тарапынан қолға алынған ауқымды жобалар мен инфрақұрылымдық өзгерістерді іске асыруда жергілікті құрылысшылардың қосқан үлесі зор. Мұндай игі бастамалар шаһарымыздың өсіп-өркендеуіне жаңа серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізуде. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат және толайым табыстар тілейміз.

Туған қаламызды көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріңіз әрдайым жемісті болсын!

 Ізгі ниетпен,

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,

 Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

 қалалық маслихат төрағасы.