Терроризм мен экстремизм – адамзатқа ортақ қауіп

Терроризм мен экстремизм — бүкіл адамзатқа ортақ қауіп. Оның зардабы жеке адамның өміріне ғана емес, қоғамның тыныштығы мен мемлекет қауіпсіздігіне де үлкен зиян келтіреді. Терроризм мен экстремизмнің зардабы өте ауыр. Ол адамдардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамның тұрақтылығына, мемлекет қауіпсіздігіне және ұрпақ болашағына кері әсер етеді. Сондықтан мұндай қауіптердің алдын алу — тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Бүгінгі таңда бұл қауіптердің алдын алу үшін қоғамның әр мүшесі сергек әрі жауапты болуы қажет. Әсіресе жас ұрпаққа дұрыс тәрбие мен сапалы білім берудің маңызы зор. Жастар интернеттегі ақпаратты талдап, күмәнді әрі жалған мәліметтерге ермей, кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарауы керек.Терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудың маңызды жолдарының бірі — жастарға дұрыс тәрбие мен сапалы білім беру.

Отбасындағы тәрбие, мектептегі білім, кітап оқу, мәдениет пен өнерге қызығушылық адамның дүниетанымын қалыптастырып, теріс идеологияларға қарсы иммунитетін күшейтеді. Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес — тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл — ата-ана, ұстаз, кітапханашы және жалпы қоғам болып атсалысатын ортақ іс.

Бейбітшілік пен келісімді сақтау, өзара құрмет пен татулықты нығайту — қауіпсіз болашақтың кепілі. Бұл бағытта кітапханалардың да атқаратын рөлі ізор. Кітапхана — тек кітап сақтайтын орын емес, оқырманның білімін арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытатын мәдени-ағартушылық орта.

Әртүрлі тақырыптағы кездесулер, пікірталастар, ақпараттық сағаттар мен танымдық іс-шаралар арқылы жастарға бейбітшілік пен келісімнің құндылығын түсіндіруге болады. Әрбір азамат бейбітшілікті бағалап, қоғам тыныштығын сақтауға өз үлесін қосса, терроризм мен экстремизмге қарсы ең мықты қорған қалыптасады. Бейбіт елдің болашағы — білімді, саналы және жауапты ұрпақтың қолында!

Алма АБДРАЗАХОВА,

Қаражал ОКЖ, Жәйрем кенті №12 кітапхана филиалының меңгерушісі.