29.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ!29.11.2026
Отанымыз – Қазақ елі мәңгі жасасын! Қазақстан Тәуелсіздігіне 35 жыл
Ақпарат ағыны

Ұлытау облысында Ұлттық ұланға арналған әскери қалашық салынып жатыр

07.08.2026 · 13:19 · admin

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барып, 5575 әскери бөлімінің қызметімен танысты.

Әскери бөлімге Аңсаған Балтабеков «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедовпен бірге келді. Олар бөлімнің аумағын аралап, штаб ғимараты мен казармалар құрылысының барысымен, сондай-ақ бөлімшенің материалдық-техникалық әлеуетімен танысты.

Іс-сапар барысында жаңа әскери қалашық салуға ерекше көңіл бөлінді. Бас қолбасшыға штаб ғимаратының, казарманың және басқа да инфрақұрылым нысандарының құрылысы туралы баяндалды. Жоба 50-ге жуық офицерді, келісімшарт бойынша 160 әскери қызметкерді және 240 мерзімді қызмет сарбазын орналастыруды көздейді. Қазіргі заманғы әскери кешенді құру бөлімшені дамытудың маңызды кезеңі болмақ. Сондай-ақ қызметті ұйымдастыру және жеке құрамды даярлау үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша әскери инфрақұрылымды жетілдіру, бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі шаралар талқыланды. Ұлттық ұлан қолбасшылығы заманауи инфрақұрылым мен лайықты қызмет жағдайларын жасау – құқықтық тәртіп әскерін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.