Қаражал қаласында «Жаңа Конституция: не өзгерді және не үшін?» тақырыбында кездесу өтті

Қаражал қаласында «Жаңа Конституция: не өзгерді және не үшін?» тақырыбында қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Конституциялық өзгерістердің мазмұны мен олардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді.

Жиынның басты мақсаты – Конституцияға енгізілген толықтырулардың мәнін ашу, құқықтық мемлекетті дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарды түсіндіру және заң үстемдігін нығайту мәселелерін талқылау болды.

Кездесу барысында Конституциялық реформалардың негізгі тетіктері, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту бағытындағы жаңашыл нормалар жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби қызметінде жаңа конституциялық қағидаттарды басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, құқықтық мәдениетті арттыру мен қоғам сенімін нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.