16.11.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТЖАСТАР САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА16.11.2026
Ақпарат ағыны

САТУШЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕСЕҢ, ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ АРЗАНДАУ БОЛАДЫ ДЕЙДІ. БҰЛ ДҰРЫС ПА?

02.03.2026 · 02:26 · admin

ЖАУАП: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабына сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болып есептеледі.