Құрметті аймақ тұрғындары!

Сіздерді ұлт тарихындағы ерекше мейрам — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

25 қазан — еліміздің егемендікке қарай батыл қадам жасаған күні. Осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация — тәуелсіздігіміздің алғашқы нышаны, жаңа дәуірдің бастауы болды.

Бүгінде біз сол тарихи шешімнің арқасында өз жолын айқындаған, тұрақты дамып келе жатқан мемлекетпіз. Қаламыз да еліміздің жаңару үдерісіне өзіндік үлесін қосып келеді. Бұл — ел үшін аянбай еңбек етіп жүрген әрбір қала тұрғынының ортақ жетістігі.

Осынау маңызды мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, бақ-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.