АЛҒАШҚЫ КИГЕНДЕ ЖЫРТЫЛҒАН АЯҚ КИІМДІ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ МА?

Тұтынушы базардан аяқ киім сатып алды. Бірінші киген күні аяқ киімнің табанында тесік пайда болды. «Осындай кезде не істеуге болады?» деген сұрақ туындады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 15 бабына сәйкес тұтынушыға тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайда тұтынушыңың бірқатар құқықтары бар. Ол туралы барша азамат білуі тиіс. Себебі бұндай жағдайға кез келген адам тап болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді және тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы. Егер тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін. Тұтынушы тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді соған ұқсас немесе басқа маркалы, модельді, артикулді тауарға ауыстыруды талап ете алады. Сонымен қатар, тұтынушы шартты бұзып, тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.