«Қазыналы өңір» газеті шығармашылық байқау жариялайды

Құрметті оқырман қауым!

«Қазыналы өңір» газеті 10 тамыз – Абай күніне орай, Қаражал-Жәйрем аймағының тұрғындары арасында шығармашылық байқау ұйымдастырады.

Байқау шарттары:

– «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Хакім Абайға, ақын Абайға арналған немесе Абай атамыздың жолымен адамгершілік, ар-ождан, білімге құштарлық, тағы да басқа тақырыптар аясында өлең жазу.

– «Болмасаң да ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз» – халқының қамын жеп, қолынан қаламын тастамаған біртуар тұлғаның ізімен қара сөз жазу.

– «Абай және қазіргі заман» – ойтолғау, мақала, эссе жазу.

Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды, яғни, кез келген ынталы адам (мектеп оқушыларынан бастап, қарияларға дейін) қатыса алады.

Үздік деп танылған өлең, қара сөз, ойтолғау, мақала, эссе газетте жарық көреді. Іріктелген туындылардың авторларына редакция тарапынан арнайы ұйымдастырылатын шара барысында Алғыс хат тапсырылып, кітаптар тарту етіледі.

Байқауға ұсынылатын материалдар биылғы жылғы 6 қыркүйекке дейін қабылданады.

Times new roman шрифтімен 12-өлшемде терілген туындылардың электронды нұсқасы k-onir@mail.ru электронды поштасына жолдануы керек.

Шығармалар көлемі A4 форматында 2 беттен аспауы тиіс

Байқау шарттарына сай келмейтін материалдар қарастырылмайды.

Редакцияға жолданатын дайын материалдың төменгі тұсында автордың аты-жөні, жасы, жұмыс орыны мен қызметі (мектебі мен сыныбы) және ұялы телефон номері туралы мәліметтердің жазылуы – міндетті.

Анықтама үшін байланыс телефондары: 2-61-02; 8 777 326 3148.

 «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы.