15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

«Заң – қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді

08.04.2026 · 21:54 · admin

Жезқазған қаласы №11 мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Заң – қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ өткізілді. Кездесуге Полиция басқармасы, Прокуратура басқармасы және қала әкімдігінің өкілдері қатысып, сабақ барысында заңдардың негізгі қағидалары мен құқықтық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық білімдерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыруға және заңды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.