Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган ретінде қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, шағымдары мен хабарламалары қаралып, олардың негізінде тексерулер ұйымдастырылады. Тексерулер нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Есепті кезеңде Департаментке барлығы 13 өтініш келіп түсті. Әрбір өтініш бойынша жан-жақты талдау жүргізіліп, қажет болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, сыртқы байқау қорытындысы бойынша 35 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Азаматтардың өтініштерің қарау және олар бойынша жедел әрі тиімді шаралар қабылдау мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтарды анықтауға, оларды жоюға және қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Атап айтқанда, Департаментпен Жезқазған қаласының білім бөлімінің №5 жалпы білім беретін мектебі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты шағым қаралып, тексеру барысында мектеп тарапынан заң бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде Департаменттің ұсынымы негізінде қызмет көрсетіліп, азаматтың құқығы толық қалпына келтірілді.
Тағы бір жағдайда, Ұлытау ауданының Жезді кентімен «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсетуде негізсіз бас тарту фактісі анықталып, кінәлі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ұлытау облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызметтер
көрсету басқармасы
